Грузия Ирақтағы әскерлерінің санын көбейтетін болды

Грузия парламенті президент Михаил Саакашвилидің Ирақтағы грузин әскерлерінің санын көбейту керек деген ұсынысын мақұлдады. Жұма күнгі дауыс беруден кейін парламент спикері Нино Буржанадзе АҚШ-ты мадақтап, Тбилиси Вашингтонның қолдауын ешқашан ұмытпайды деп мәлімдеді. Қазір Ирақта 850 грузин жауынгері бар. Тбилиси шілде айынан бастап олардың санын біртіндеп 2 мыңға жеткізбекші.