АҚШ президенті Джордж Буш Папа Бенедикт 16-шы және Италия премьер-министрі Романо Продимен кездесу үшін Римге келді. Италия мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастар шиеленісіп қалған болатын. Кеше Милан қаласында Орталық Барлау Агенттігінің қызметкерлеріне байланысты сырттан сот ісі қарала бастады. Оларға құпия АҚШ бағдарламасы бойынша лаңкестік әрекеттерге қатысы бар деп күдіктелген Миландағы бір адамды ұрлап әкетті деген айып тағылып отыр. Италиядан кейін президент Буш Албанияға барады.