Ирақ Түркияны күрдтер басым тұратын елдің солтүстік аймағын атқылап, оқ жаудырды деп айыптайды. Наразылық нотасы бүгін Бағдадтағы Түркия елшісіне табыс етілді. Ирақ сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде 6-7 маусым күндері Дохук пен Ирбил қалалары маңайының атқылануынан көлемді материладық шығын келтірілді деп жазылған. Наразылық хаты күрд жаугерлеріне қарсы операциялар жүргізіп жатқан Түркия әскерилерінің Ирақ территориясын атқылағандығын растайтын бірінші құжат.