Косово албандықтарының басшылары болашақ Косово республикасының туына бәйге жариялады

Бұл үдеріс Косовоның тәуелсіздік жайы белгісіз күйде тұрған кезінде басталмақшы. Бәйге шарты бойынша, ту жобаларында бүркіттің суреті болмауы тиіс. Сондай-ақ тудың түсі көршілес Сербия, Албания елдері туымен бірдей болмауы қажет. Косово аймағы 1999-шы жылдан бері Албанияның туын қолданып келген еді. Онда екі басты бүркіт бейнеленген.