Ирақ шииттерінің рухани көсемі Алтын мешіт деп аталып кеткен орындағы жарылыстан кейін халықты ұстамдылыққа шақырды

2006-шы жылдың ақпан айында Самаррадағы осы мешіттің бір бөлігінде жарылыс болып, оның кесірінен елде секталық қақтығыстар басталып кеткен еді. Үкімет басшысы Нури әл-Малики Самаррадағы осы жарылысқа орай Бағдатта коменданттық сағат жариялады.