Макао ресмилерінің хабарлауынша, Макао банкісінде тұмшаланған Солтүстік Кореялық қаржының көбі жіберілген. Бұл Солтүстік Кореяның ядролық қарусыздануына байланысты тығырыққа тірелген мәселенің шешілуіне үміт туғызып отыр. Бірақ қаржының ауыстырылуына байланысты егжей-тегжейлі мәлімет берілмеді. Солтүстік Корея тұмшаланған 25 миллион доллар жіберілмейінше ядролық Ионгбион реакторымызды жаппаймыз деген болатын.