Ирақ астанасы мен Әл-Басра қаласында комендант сағаты аяқталды

БАҒДАД: Бүгін Ирақтың Бағдад пен оңтүстіктегі Әл-Басра қалаларындағы күндізгі комендант сағаты аяқталып, көшелерден автокөліктер мен жаяу жүрген халық көріне бастады. Екі қалаға комендант тәртібі өткен сәрсенбі күні шийттердің Ас-Самарра қаласындағы “Алтын мешітіне” қастандық жасалып, оның 2 мұнарасы қиратылған соң орнатылған болатын. 2006-ншы жылы осы мешіттің күмбезін жарып, ол сүнниттер мен шийттердің арасындағы осы күнге дейін жалғасқан қантөгіске түрткі болған еді.