АҚШ Израильдің қауіпсіздігін және еврей мемлекетінің өміршеңдігін қамтамасыз етуге жауапты

ВАШИНГТОН: АҚШ президенті Дж.Буш Американың Израильге әскери көмек беруі туралы жаңа 10 жылдық келісім бойынша келіссөз өткізу үшін өзінің аға дипломатын Тель-Авивке жіберетінін мәлімдейді. Сейсенбі күні Ақ үйде Израиль премьер-министрі Э.Ольмертпен өткізген келіссөзінен кейін Дж.Буш мәлімдегендей, өзі Израильдің қауіпсіздігін және еврей мемлекетінің өміршеңдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ – Израильдің қарулы күштерінің қабылетін арттыру міндетін мүлтіксіз орындай береді. Әлгі келісім бойынша келіссөз өткізу үшін мемлекеттік хатшының саяси мәселер бойынша орындбасары Николас Бернс шілденің басында Израильге барады.