Израиль жауынгерлері тағы 4 палестиналықты атып өлтірді

ТАЯУ ШЫҒЫС: Бүгін Газа аймағы мен Йордан өзенінің Батыс жағалауында болған атыстарда Израиль жауынгерлері палестиналық 4 күдіктіні оққа ұшырды. Израиль армиясының хабарлауынша, 2 күдікті өздерін Израильдің қауіпсіздік күштері Батыс жағалаудағы Дженин қаласының маңында тұтқындамақ болған сәтте оққа ұшқан. Қалған екеуін бүгін еврей жауынгерлері атып өлтірді.