БҰҰ-ның басшысы Ауғанстандағы қанды қақтығыстарды айыптады

БҰҰ-ның бас хатшысы Бан Ки Мун жақында Кабулда 30-дан астам адамды құрбан еткен бомбалық шабуылды айыптай сөйлеп, мұндай әрекеттердің адам өмірін бағаламау екендігін айтты. Шабуыл жауапкершілігі тәліптерге жүктелген. БҰҰ-ның мәлімдемесінде сонымен қатар Пактика провинциясында коалиция күштерінің әуе шабуылдары кезінде ауғанстандық 7 баланың қаза тапқанына қатты өкініш білдірлген.