Қазақстандағы Семипалатинск қаласының аты Семейге өзгертілді

Қазақстанның солтүстік-шығысындағы Семипалатинск қаласының атауы ресми түрде Семей деп өзгертілді. Осы жайындағы қаулыға бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды. 1949-1989 жылдар аралығында Семей аймағы ядролық сынақ полигоны үшін пайдаланылған болатын.