Қырғызстанда екі адам шпиондық жасады деген күдікпен тұтқындалды

Қырғызстан өзінің азаматын және бір шетелдікті шпиондық істерге барды деген күдікпен ұстағанын хабарлады. Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің жариялаған мәлімдемесінде күдікті екеудің Бішкекте құпия материалдар мен құжаттарды бір-біріне беріп жатқан жерде ұсталғандығы жазылған. Материалдарды алған адамның ұлты нақты айтылмайды.