АҚШ өкілі Пхеньянда “жақсы келіссөз” өткізгенін хабарлады

АҚШ-тың ядролық мәселесі бойынша бас мәмілегері Кристофер Хилл Солтүстік Корея ресмилерімен Пхеньянда “жақсы келіссөз” өткізгенін хабарлады. Сеулда сөйлеген сөзінде Кристофер Хилл Солтүстік Корея өзінің Йонгбион ядролық реакторын тезарада жабуға дайын тұр деп сенемін деді.

“Жан-жақты және маңызды келіссөздер болды. Олар пайдалы және позитивті болды деп сенемін”, - деді Кристофер Хилл. Ол, сондай-ақ, АҚШ пен Солтүстік Корея Пхеньянның ядролық қарусыздануына бағытталған ақпан айындағы келісімге қатысты міндеттемелерін растады деді.