Қырғызстандық қызметкер әйел тыңшылықпен айналысқан

«Азаттық» радиосы қырғыз редакциясының хабарлауынша, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғыз парламентінің баспасөз қызметінде жұмыс істейтін әйелді тыңшылық етті деген күдікпен ұстаған. Күдіктінің аты-жөні жарияланған жоқ. Ол құпия ақпарларды бермекші болған адам Қытай азаматы болған. Олардың екеуі де осыдан бір күн бұрын тұтқындалған еді.