Тәжікстанда наразылық шеруіне қатысқандар қамауға алынды

Тәжік астанасы Душанбенің орталығындағы шерушілердің 25-тен астамы ұсталды. Шерушілердің басым бөлігі 1992-1997 жылдардағы азаматтық соғыс барысындағы әрекеттері үшін түрмеге жабылғандардың аналары болған. Олар президент Эмомали Рахмон рақымшылық заңына қол қойған соң, түрмеде жатқан балалары мен басқа да туыстарының бостандыққа шығарылуын талап еткен.