Ауғанстанда тағы 1 британ жауынгері қаза болып, 4-еуі жараланды

КАБУЛ: Ауғанстанның оңтүстігінде болған жарылыстан 1 британ жауынгері қаза болып, төртеуі жараланды. Ұлыбританияның қорғаныс министрлігі хабарлағандай, Гильменд облысындағы Лашкар-Гах қаласының маңында тас жол салуға әзірленіп жатқан инженерлердің тобымен бірге автокөлікке отырып келе жатқан британ жауынгерлері минаға тап болды.