С.Хусеиннің 3 сыбайласы өлім жазасына кесіліп, күрдтер оны тойлау үстінде

БАҒДАД: Кеше Ирақ соты С.Хусеиннің “Химик Әли” деген лақап атымен белгілі немере інісі Әли Хасан Әл-Маджид пен бұрынғы қорғаныс министрі Сұлтан Хашим Ахмадты және генерал Хусеин Рашид Мухаммадты өлім жазасына кесті. С.Хусеиннің тағы 2 сыбайласы өмірлік мерзімдерге түрмеге кесілді. 6-ыншы айыпталушы – істеген қылмыстарына дәлел жетпегендіктен ақталды. “Химик Әлиге” – 1988-інші жылғы “Анфаль” науқанының барысында күрдтерге қарсы улы газды қолданып, 180 мыңға жуық күрдті қырды деген айып тағылды. Соттың өкімі шығысымен Ирақтың солтүстігінде күрдтер көшеге шығып тойлай бастады.