Ресейде шетелдіктерге шабуыл жасаған 42 адам қамауға алынды

Ресей полициясы Кавказ бен Орталық Азиядан келген азаматтарға шабуылдар жасады деп 42 адамды қамауға алды. Азаттық радиосы орыс қызметінің хабарлауынша, Мәскеу полициясы жұма күні кешке қаланың үш жерінде болған шабуылдарды оңшыл экстремистер ұйымдастырды деген. Полиция баспасөз-хатшысы Анатолий Латовецкийдің айтуынша, бір армян азаматы жараланып, ауруханаға жеткізілген. Ресейде соңғы кездері шетелдіктерге қарсы шабуылдар көбейіп отыр.