АҚШ, Еуропа Одағы, БҰҰ және Ресейің өкілдері Иерусалимде кездесті

Палестинаның исламшыл "Хамас" партиясы осыдан екі апта бұрын Газа айлағын басып алғалы бері "Таяу Шығыс квартеті" деген төрттік алғаш рет кездесті. БҰҰ-ның жергілікті өкілі тараптар соңғы оқиғаларды талқылайды деген. Кездесу соңында ешқандай ресми құжат жарияланған жоқ. Еуропа Одағының Таяу Шығыстағы елшісі Марк Отте алдымен ұйым басшылығына есеп береміз деді.