ФСБ қызметкерлері өзбек құлдарын құтқарды

ФСБ қызметкерлері Ресейдің Орлов аймағында құл болған 18 өзбек азаматын босатты. Федералды Қауіпсіздік Қызметінің баспасөз-хатшысы Марина Костикованың айтуынша, әлгі өзбектерден олардың құжаттары алып қойылған, және олар демалыссыз күніне 24 сағат жұмыс істеуге мәжбүр болған. Олардың кейбірі қашпақшы болғанда, олар соққыға жығылған, дейді Костикова. Ең соңында өзбектердің төртеуі қашып кетіп, жергілікті билік орындарына хабар берген.