Иран жеке меншіктегі автокөліктердің жанар-жағар майына күрт шектеу қойды

ТЕҺРАН: Жанар-жағар майға шектеу қойылуына қарсы наразылыққа шыққан жұрт бүгін күтпеген жерден Теһранда кемінде бір газ құятын жағармай стансасын өртеді. Франс-Пресс пен “Рейтер” агенттіктері хабарлаған мәліметтерге қарағанда, басқа бір жерде жастар президент М.Ахмадинеджадты балағаттап, тас атып жатыр. Сейсенбі күні кешкісін Иран үкіметі 27-інші маусымға қараған түннен бастап жеке меншікті автокөліктерге айына 100 литр ғана жанар май берілетінін хабарлады. Бұл шара жыл сайын газды арзандатуға бөлінетін миллиардтаған доллар шығынды азайту үшін қабылданып отыр.