Израиль армиясы “Хамас” ұйымы бекініп алған Газа аймағын атқылап жатыр

ТАЯУ ШЫҒЫС: Израильдің қарулы күштері Израиль әскерінің Газа аймағын зеңбіректерден атқылап, әуеден соққы бергені туралы Палестина жағының хабарын теріске шығарды. Палестина жағының мәліметі бойынша, Израиль армиясының соққысынан Газа қаласының маңында кем дегенде 4 адам қаза тапты. Дегенмен де Израиль армиясы өз әскерінің Газа қаласының төңірегінде операция жүргізіп жатқанын және бірқатар атыс болғанын мойындады.