Венесуэла Ресейді АҚШ-тың гегемониясы қарсы ғаламдық күресті бастауға шақырады

МӘСКЕУ: Венесуэла президенті Уго Чавес Америка Құрама Штаттарын “дамудың өзіндік жолын күштеп таратып жатыр” деп айыптап, Ресейді Вашингтонға қарсы ғаламдық күресті бастауға шақырады. Бұл мәлімдемесін У.Чавес бүгін Мәскеуде Латын Америкасының мәдени орталығын ашу салтанаты кезінде айтты. Оның атап көрсетуінше, өзінің басты мақсаттарының бірі – Ресейден қару-жарақ сатып алу көрінеді. Мәскеуге 4 күндік сапармен келген У.Чавестің құрметіне бүгін Ресей президенті В.Путин қонақасын беруге тиіс.