Венесуэла президенті Уго Чавез Беларусқа аялдады

Венесуэла президенті Уго Чавез Минскіге Мәскеуден кейін барды. Ол Беларус президенті Александр Лукашенко екеуі өз елдерінің ынтымақтастығын арттырамыз деп уағдаласты. Минскіден соң Венесуэла президенті Мәскеуге қайта барып, бүгін Ресей президенті В.Путинмен екінші рет кездеседі. Ресей заң шығарушыларының айтуынша, Уго Чавез Мәскеуден сүңгуір кемелерін сатып алуға қызығушылық танытқан.