Түркияда армян журналисі Грант Динкті өлтірді деп айыпталған азаматтардың соты басталады

Грант Динкті 17-жасар азамат өлтірді делінеді. Грант Динк 19 қаңтарда Стамбулда редакция кеңсесінің алдында атып өлтірілді. Ол Түркия үкіметін сынайтын, Түркия үкіметі 1915 жылы орын алған армяндарды жаппай өлтіруді мойындау керек, жауапкершілікті өзіне алу керек дейтін. Грант Динктің өлімі Еуропа Одағына қосылғысы келетін Түркияда сөз бостандығы қамтылмаған деген мәселені көтерді.