Ресей президенті Дж.Бушқа “бас тартуға болмайтын” ұсыныс жасады

ВАШИНГТОН: Ресей президенті В.Путин Дж.Бушқа АҚШ-тың зымыранға қарсы радар жүйесін Еуропаға орналастыру жоспарына балама болатын ұсыныс жасады. АҚШ президентімен оның Кеннепбакнпорттағы ранчосында өткізген бейресми келіссөзінде В.Путин оған радар жүйесі бойынша келіссөзге Ресей-НАТО Кеңесінің форумы арқылы Еуропаның мейлінше көп елін қатыстыруды ұсынғанын хабарлады. Өз кезегінде Дж.Буш Ресей президентінің ұсынысын “батыл стратегиялық қадам” деп бағалап, оны сараптан өткізу керектігін атап көрсетті.