Бағдадта бомбалық шабуыл жасалды

Кемінде 18 адам қаза тапты, 35 шақты адам жарақат алды. Бомба базар сыртында тұрған мәшинеге қойылған. Бағдадтың бұл ауданында шииттер тұрады. Бомба көптеген адамдар кешкі салқынмен базарға шыққанда жарылды.