Солтүстік Вазиристандағы жанкештілік шабуылдан 8 адам құрбан болды

Пәкістан ресмилерінің айтуынша, Ауғанстан шекарасына жақын жерде орын алған жанкештілік шабуылдан кемінде 6 сарбаз бен 2 қарапайым тұрғын құрбан болған. Солтүстік Вазиристандағы жарылыстан сондай-ақ бірнеше кісі жарақат алды. Бұл аймақта Талибан мен Әл-Қаида соғысушылары орныққан делінеді.