АҚШ генералы қарапайым ауған азаматтарының шығыны туралы мәліметке күмән келтірді

Ауғанстан мен батыс гуманитарлық ұйымдары НАТО жетекшілігіндегі күштердің қимылдарынан биыл 230-дан астам бейбіт тұрғын қаза тапты деген. Генерал Перри Уиггинстің айтуынша, шалғайдағы аудандарда орын алған адам шығынын тәуелсіз жағдайда есептеу қиын. Кейбір мұндай есептердің қате екені дәлелденген, деді АҚШ генералы.