Пәкістандағы медресе шәкірттерінің қарсылығы әлі басылар емес

ИСЛАМАБАД: Бүгін Исламабадтағы үкімет күштері қоршап алған мешіттен қашып құтылмақ болған бітіспес ислам лидері тұтқынға түсті. “Қызыл мешіт” деп аталатын мешіттің ішінде әлі 850-дей медресе шәкірті қалған, олардың 14-і “Калашников” тезатарымен қаруланған көрінеді. Сәрсенбі күні “Қызыл мешіттің” 1 мыңдай шәкірті үкімет күштеріне беріліп, шариғат заңдарын бұлжытпай орындау науқанын жүргізіп жатқан медресе шәкірттері мен үкімет армиясы арасындағы сейсенбі күні шыққан атыстың барысында кем дегенде 16 адам оққа ұшты.