Қытай сыртқы істер министрі Янг Джичи Бишкекке келіп жетті

Ол Қырғызстан президенті Құрманбек Бақиев және сыртқы істер министрі Эднан Қарабаевпен келіссөз өткізеді. Қытай министрінің ресми сапары ертең аяқталады, 9 шілде күні ол Бишкекте өтетін Шанхай ынтымақтастығы ұйымы сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысады.