Қытайдың сыртқы істер министрі Қырғызстанға келді

Янг Джинчи Қырғызстан президенті Құрманбек Бақиев және сыртқы істер министрі Эднан Қарабаевпен келіссөз өткізді. Қытай министрінің ресми сапары шілденің 8-іне дейін жалғаспақ, ал 9-шілде күні ол Бішкекте өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысады. Шанхай ынтымақтастық ұйымы басшыларының саммиті Қырғызстан астанасында енді бір айдан кейін өткізіледі деп жоспарланған.