Ирақта көлік бомбасының жарылуынан 100-ден астам адам құрбан болды

Полицияның айтуынша, Ирақтың солтүстігіндегі Әмірлі қаласындағы жанкештілік бомба шабуылында қаза тапқандар 100-ден асса, жараланғандардың саны 250-ге жеткен. Дүкендер мен үйлер қирап, көшеде тұрған көліктер өртке оранған. Бұл сәуір айынан бергі Ирақтағы ең ауыр қанды қырғын орын алған күн болды.