“Босния соғысында” хорваттар мен сербтерді қырған мұсылман лдері де сотқа тартылды

ГААГА: Соғыс қылмыстары бойынша Халықаралық Гаага трибуналында Босния мұсылмандары армиясының бұрынғы бас қолбасшысы Рашим Деличтің қылмыстық ісі бойынша сот үдерісі басталды. Оған 90-ыншы жылдардың бірінші жартысындағы соғыстың барысында “соғыс қылмыстарын істеді” деген айыптар, атап айтқанда - шетелден жалданған, негізінен арабтардан тұрған әскерімен хорваттарға және сербтерге қарсы зұлымдық жасап, жаппай қырды деген айыптар тағылып отыр. Осындай “мождахедтердің” арнаулы жасағы Р.Деличтің тікелей өзіне бағынған көрінеді.