Косовоның албандары партизан соғысын қайта бастауы мүмкін

ПРИШТИНА: Косоводағы партизан соғысының ардагерлері егер өлкеге Сербиядан тәуелсіздік берілмесе, қолдарына тағы қару алуға “дайынбыз” деп мәлімдейді. Кеше “Азаттық” Радиосына берген сұхбатында Косово албандарының “Азат ету армиясы” ардагерлерінің лидері Фаик Фазлю: “Егер Косовоға тәуелсіздік берілмесе, онда біз Косовоның “Азат ету армиясының” жауынгерлері ретінде қимыл етуге мәжбүр боламыз” деп мәлімдеді. Бұл мәлімдеме, сондай-ақ, жексенбі күні Косовоның бірнеше газетінде жарияланды. “Азаттық” Радиосына берген сұхбатында Косово сербтерінің лидері Горан Богданович те “Косовоның “Азат ету армиясының” бұл ескертуін ескерусіз қалдыруға болмайтынын” атап көрсетті.