Еуропа Одағы Палестинаға жыл сайын жарты млрд. еуро қаржы бөліп тұрады

БРЮССЕЛЬ: Еуропа Одағы Палестина халқына көмек ретінде 80 млн. еуро қаржы бөледі. Еуроодақ басшыларының бірі Бенита Ферреро-Вальднер ханым мәлімдегендей, ол қаржы Палестинаға “Хамас” тобының қолына тимейтіндей жолмен жіберіледі. Ресми Брюссель “Хамас” тобын “террористік ұйым” деп санайды. Еуропа Одағы – жыл сайын жарты миллиард еуродан астам қаржы беріп, Палестина автономиясының ірі демеушісі болып табылады.