Босниялық сербтің қылмыстық ісін Халықаралық Гаага трибуналы қарайды

ГААГА: “Кекшілдер” немесе “Ақ бүркіттер” деп аталған қарулы құраманы басқарып жүріп “соғыс қылмыстарын істеді” деп айыпталған босниялық серб Милан Лукичтің ісін Боснияның соты қарай алмайды деген шешім қабылданған соң, оны БҰҰ-ының Гаага трибуналы қарайтын болды. Халықаралық трибуналдың өтініштер палатасы М.Лукичтің 1992-1995-інші жылдардағы атқарған істерін “тым ауыр” деп танып, оның ісін Босния сотының қарауына беру туралы Трибуналдың шешімін толық өзгертті. Оған Боснияның кем дегенде 100 мұсылманын қырды деген айып тағылып отыр.