Түркменстан Ауғанстанмен арадағы темір жолды қайта салуға кірісті

Бұрынғы Кушка қазір Серхетабат деп аталатын қаладан Торгондиге дейін жалғасатын темір жолдың қайта салынуын Ашхабат қаржыландырып отыр. Бұл жобаға шамамен 550 мың доллар кетеді деп айтылды. Ауғанстан жағы ол темір жолды алдағы 5 жылда Херат қаласына дейін созуға тырысатынын хабарлады.