Ауғанстанда НАТО күштері күдіктелген 10 тәліпті өлтірген

НАТО мен ауған жасақтары елдің оңтүстігіндегі қақтығыстарда 10 тәліптің көзін жойдық деп хабарлады. Әскер басшылардың бірі қақтығыстар Хелманд провинциясының Герешк ауданында орын алғанын, ал 12 шілде күні осы аудандағы әуе шабуылдары барысында күдіктелген 20 тәліп өлтірілгенін айтқан.