Мұхамад Ханифтің соты бүгін Брисбейн қаласында басталмақ

Австралия полициясы 27-жасар үндістандық дәрігер Мұхамад Ханифті Британияда жасалмақ болған бомба шабуылдарына атсалысты деп айыптады. Бұл туралы бүгін жарияланды. Маусымның 29 мен 30-да Британияда шабуыл әрекеттері іске аспай қалған. Мұхамад Ханифтің соты бүгін Брисбейн қаласында басталмақ. Мұхамад Ханиф террорлық ұйымға қолдау көрсетті деп табылса 15 жылға дейін түрмеге отырғызылуы мүмкін.