4 беларусь, 1 ресейлік офицерге “поляктарға тыңшылық етті” деген айып тағылды

МИНСК: Беларуссияда Польшаның пайдасына қарай тыңшылық етті деп айыпталған 5 күдіктінің ісі сотқа жіберілді. Осыған дейін 4 беларусь және 1 ресейлік бұрынғы офицердің тұтқындалғанын Беларуссияның мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің өкілі Виктор Вегера хабарлады. КГБ өкілдерінің мәлімдеуінше, Беларуссия мен Ресейдің әуе соққысынан қорғаныс жүйесі туралы мәліметті Польшаға беріп отырған.