Ауғаныстан мен Құрама Штаттар президенттері алдағы айда кездесіп, Ауғаныстандағы жағдайды қалай реттеу керекттігін талқылайды. Ақ Үйдің хабарлауынша, Хамид Қарзай Джордж Бушпен Уашингтонның сыртындағы президенттік баспанада тамыздың 5 мен 6-сында кездеседі. Екі президент демократия, экономикалық дамулар мен Талибан күштерімен күрес және есірткі саудасы мәселелерін талқылайды.