Бүгін Пәкістандағы шабуылдан кемінде 12 пәкістандық жауынгер қаза тапты

Бүгін Пәкістанның солтүстік шығысында кемінде 12 әскер қаза болды. Олардың әскери керуені Ауған шекарасына жақын Солтүстік Вазиристанда кетіп бара жатқанда жол бойына қойылған бомба жарылып, кейін торуылдан атқыланған. Соңғы кезде бұл аймақта Пәкістан Армиясына қарсы шабуыл күшейіп тұр. Бүгін билік өкілдері Исламабадта орын алған шабуылдан қаза болғандар саны 16-ға жеткенін хабарлады. Сейсенбі күні кешкісін оппозицияның шеруі кезінде бір жанкешті өзін жарып жіберген.