Ирақтағы шабуылдардан кемінде 15 адам қаза тапты

Ирақта орын алған түрлі шабуылдардан кемінде 15 адам құрбан болды. Сонымен қатар, 3 АҚШ сарбазы өлтірілді деп хабарланып отыр. Ал Иран сыртқы істер министрінің мәлімдеуінше, Теһран ресмилері АҚШ-пен бірге Ираққа қатысты екінші келіссөзін өткізетін болады. Бірақ ол келіссөздің қашан болатыны туралы айтылмады. Мамыр айында, екі елдің ресми өкілдері Бағдадта кездесіп, Ирақ мәселесін талқылаған болатын.