НАТО Таулы Қарабахтағы сайлауды мойындамайды

НАТО Таулы Қарабахта бүгін өтетін президент сайлауын мойындамайтынын хабарлады. НАТО баспасөз-хатшысы Джэймс Апатурайдың мәлімдеуінше, басқа халықаралық ұйымдар сияқты НАТО альянсы да жікшілдік бағыттағы бұл аймақта өтетін кез келген сайлауды мойындамайды.