Британия полициясы Ұлыбриятанияда тұрып жатқан Ресейлік кәсіпкер Борис Березовскийге өткен айда жасалмақшы болған қастандық әрекетіне қатысы бар бір күдіктіні ұстағанын хабарлады. Полиция баспасөз-хатшысының айтуынша, әлгі кісі маусымның 21-і күні Лондонда қамауға алынған, кейінірек ол Ресейге депортацияланған. Сәрсенбі күні Ресей президенті Владимир Путиннің сыншысы Березовский Лондонда баспасөз-мәслихатын өткізіп, маусым айында Британия полициясы ол қастандық әрекеті жөнінде ескертіп, маған елден уақытша шығып кетіңіз деп кеңес берді деді.