Қазіргі президент Аркадий Гукасян қызметінен кетіп жатыр. Таулы Қарабақ Әзірбайжан мен Армения арасындағы соғыстан кейін бөлініп шыққан. Таулы Қарабақ тәуелсіздігі сыртта мойындалмаған. Халықаралық ұйымдар бүгін өтіп жатқан сайлауды да мойындамады. Әзірбайжан үкіметі бұл сайлау – заңсыз сайлау дейді.