Дамаскіде Иран мен Сирия президенттері кездесті

Иран президенті Махмұд Ахмадинежад Дамаскіде Сирия президенті Башар әл-Ассадпен кездесті. Олар екі ел арасындағы одақтастықты күшейтуге келісті. Ресми мәлімдемеде екі ел президенттері Иран мен Сирия арасындағы қарым-қатынастардың қанағаттанарлық екенін айтып, барлық саладағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға келісті. Ахмадинежад, сондай-ақ, Хезболлаһ лидері Хассан Насралламен де жүздесті.