Ресей президенті “мини-дағдарысқа” қарамастан Британиямен арадағы қарым-қатынастар кәдімгідей одан әрі дами береді деді

Ресей президенті Владимир Путиннің мәлімдеуінше, Лондон мен Мәскеу арасындағы “кішігірім дағдарысқа” қарамастан Британиямен арадағы қарым-қатынастар кәдімгідей одан әрі дами береді. Ал оның алдында Ресей 4 ресейлік дипломатты елден қуу жөніндегі Ұлыбританияның осы аптадағы шешіміне жауап ретінде 4 британиялық дипломатты елден шығаратынын хабарлады. Британия сыртқы істер министрі Дэвид Милибэнд Ресейдің әрекетінен “көңілі қалғанын” айтты. Алайда, Путин кейінірек екі ел арасындағы “мини-дағдарыс” аяқталды деп мәлімдеді.