Пәкістанның Жоғарғы соты мемлекет басшысының пікірімен де санаспады

ИСЛАМАБАД: Жұма күні Пәкістанның Жоғарғы соты наурыз айында президент П.Мушаррафтың талап етуімен қызметінен түсірілген судья Ифтикар Мухаммад Чаудриді сол қызметіне қайта отырғызу туралы өкім қабылдады. Сот Чаудриді “заңсыз босатылды” деп тапты. Қызметінен босатылған соң судья Пәкістан оппозициясы лидерлерінің біріне айналды. Пәкістан премьер-министрі Шауқат Әзиз ресми биліктің Чаудриді қолдаған сот шешімін мойындайтынын, бірақ “жеңіс немесе жеңіліс туралы айтуға ерте екенін” атап көрсетті.